Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 2 наурыздағы №1/1-261 қаулысы Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімін тоқтату туралы

Алматы қаласы әкімдігінің

2026 жылғы 2 наурыздағы №1/1-261 қаулысы

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға

байланысты жер учаскесін немесе өзге де

жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару

рәсімін тоқтату туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабының 4-тармағына сәйкес және «Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 26.1-26.06/101-И хаты негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ортақ пайдалану нысаны (аумақты абаттандыру және көгалдандыру) үшін Медеу ауданы, Әл-Фараби даңғылы, 90А мекенжайы бойынша орналасқан мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты, жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі тоқтатылсын.
  2. Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 21 шілдедегі № 3/470-1040 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысы жойылсын.
  3. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  4. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының «Қала жер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны:

1) заңнамада белгіленген тәртіппен меншік иесін хабардар етсін;

2) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

 

Алматы қаласының әкімі                                                               Д. Сатыбалды

 

Дата публикации
04 марта 2026