2025 жылға атқарылған жұмыстар туралы есеп және 2026 жылға арналған жо

 

«Алматы қаласының Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады және Алматы қаласының әкімшілік-аумақтық шекаралары шегінде жер қатынастары саласында басшылықты жүзеге асырады.

«Алматы қаласының Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы – қала тұрғындары мен бизнес мүдделерін ескере отырып, қаланың серпінді әрі перспективалы дамуын қамтамасыз ету үшін жер ресурстарын ұтымды пайдалану.

Қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес, Басқарма әлеуметтік-экономикалық өсімді, экологиялық қауіпсіздікті және қаланың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ететін жер ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру бойынша келесі жұмыстарды жүргізуде.

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Алматы қаласының жалпы аумағы 68 351 гектарды құрайды және 4 аймаққа бөлінген, атап айтқанда:

– Тұрғын үй аймағының жерлері – 10 788,7532 га немесе 15,78 %, оның құрамына көпқабатты тұрғын үй құрылысы (КСК, МЖК) және жеке тұрғын үй құрылысы (ЖТҚ) кіреді;

– Әлеуметтік аймақтың жерлері – 2 716,0358 га немесе 3,97 %, бұл аймаққа мемлекеттік мекемелерге бекітілген барлық әлеуметтік маңызы бар объектілер, сондай-ақ заңды тұлғаларға ресімделген объектілер (жоғары оқу орындары, мектептер, қоғамдық қорлар және т.б.) енгізілген;

– Коммерциялық аймақтың жерлері – 7 244,4131 га немесе 10,59 %, бұл аймаққа халыққа қызмет көрсетуге арналған барлық объектілер (тұрмыстық қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану, сауда, іскерлік қызмет көрсету, өндіріс саласындағы объектілер) енгізілген;

– Өзге аймақтың жерлері – 47 601,7979 га немесе 69,64 %, оның құрамына көлік объектілері (теміржол вокзалдары, әуежай және өзге көлік түрлері), ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру объектілері (санаторийлер), тарихи-мәдени мақсаттағы объектілер, әскери және су объектілері, қала құрылысы немесе өзге қызмет түрлеріне тартылмаған (резервтік) жерлер, сондай-ақ жалпы пайдаланудағы жерлер (жол-көлік және арық желілері, аллеялар, аулалық аумақтар, тротуарлар және т.б.) кіреді.

 

Жыл басынан бері 12 ай ішінде «Е-өтініш» порталы арқылы Басқармаға заңды және жеке тұлғалардан барлығы 9235 өтініш келіп түсті, оның ішінде:

-өтініштер – 8736 (94,6%);

-шағымдар – 122 (1,3%);

-өзге өтініштер – 379 (4,1%).

Сондай-ақ, Басқармаға 5779 қызметтік хат келіп түсті.

Жалпы өңделген корреспонденция көлемі 15 014 бірлікті құрады.

 

Басқарма тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 7 түрі көрсетіледі.

 

2025 жылдың 12 айы ішінде барлығы 9 709 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

1.Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту – 5 385 қызмет;

  1. Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту – 2 258 қызмет;
  2. Жер учаскелерінің бөлінетін және бөлінбейтіндігін айқындау – 1 907 қызмет;
  3. Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру – 50 қызмет;
  4. Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы төлеммен немесе бөліп төлеу арқылы сату – 109 қызмет;
  5. Жер учаскесін алуға кезекке қою – жүзеге асырылмайды;
  6. Бүлінген жерлерді рекультивациялау жобасын келісу және беру – 0, өтініштер түскен жоқ.

Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметшілерді көрсету бойынша 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 қабылданған Қағидаларға сәйкес «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметтерін сәулет және қала құрылысы басқармасы көрсетеді.

Осы Ережелерге сәйкес 2025 жылдың есепті кезеңінде дайындалып, қабылданды:

393 жер учаскесіне құқық алу туралы қала әкімдігінің қаулылары;

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге қала әкімдігінің - 556 қаулысы

 

Мемлекеттік қажеттіліктер үшін сатып алу туралы

 

Алматы қаласын дамыту бағдарламасын іске асыру мақсатында Жер қатынастары басқармасы көлік инфрақұрылымын (жолдар, жол айрықтары), әлеуметтік объектілерді (мектептер, балабақшалар, ауруханалар және т.б.) және энергетика объектілерін (кәріздік сорғы станциялары, қосалқы станциялар) салу үшін мемлекеттік қажеттіліктерге арналған жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою бойынша жұмыстар жүргізуде.

2025 жылы (он екі айдың қорытындысы бойынша) мемлекеттік қажеттіліктер үшін 1 180 жер учаскесі 119 млрд теңге сомасына сатып алынды.

Осы бағытта мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою шаралары келесі маңызды объектілер бойынша жалғасуда:

- Жұбанов көшесін ұзарту;

-Төле би көшесін ұзартуды аяқтау;

-Жоғары жылдамдықты қоғамдық көлік (BRT) құрылысы;

-Метро құрылысы (3-кезек);

-Рысқұлов даңғылын ұзартуды аяқтау;

-Заманауи Конгресс-орталықтың құрылысы;

-Мұқанов көшесін ұзарту;

-Орталық стадион аумағын кеңейту және т.б.

Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін алып қою шеңберінде 1 906 учаске бойынша әкімдік қаулыларының жобалары дайындалды, 2 172 учаске бойынша заңды талаптарды мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылды, сондай-ақ 838 учаске бойынша Алматы қаласы мәслихатының тұрақты комиссиясымен шарт жобаларын келісу үшін материалдар дайындау және қалыптастыру жұмыстары жүргізілді.

2025 жылдың 12 айы ішінде аталған санаттағы істер бойынша қаланың сот органдарына 606 талап арыз берілді.

 

2026 жылға жоспарлар

2026 жылдың соңына дейін мемлекеттік қажеттіліктер үшін 1 300-ден астам жер учаскесін сатып алу жоспарлануда.

 

Жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру туралы

 

Есепті кезеңде Алматы қаласының соттарында Алматы қаласының Жер қатынастары басқармасының қатысуымен талапкер, жауапкер және үшінші тұлға ретінде 507 азаматтық және әкімшілік іс қаралуда және қаралды. Аталған істер мемлекеттік органдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануға, жеке және заңды тұлғалар арасындағы дауларға, мұрагерлік, мүлік, жер қатынастары мәселелеріне және өзге де санаттағы істерге қатысты.

1) Мемлекеттік органдардың әрекеттеріне шағымдану (СМАС)

Есепті кезеңде мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттарда 275 әкімшілік іс қаралды және қаралуда.

Қарау нәтижелері бойынша:

29 іс бойынша әкімшілік талап арыздарды қанағаттандырудан бас тартылды (сот актілері Басқарма пайдасына қабылданды);

79 әкімшілік іс бойынша Басқармаға қойылған талаптар қанағаттандырылды;

21 іс сотта қаралу сатысында;

82 іс бойынша талап арыздар қараусыз қалдырылды;

16 әкімшілік іс бойынша медиациялық келісімдер жасалды.

2) Өз бетінше заңсыз иеленілген жер учаскелерін қайтару туралы талаптар

Есепті кезеңде Алматы қаласының соттарында мемлекеттік меншікке жататын жерлер құрамынан өз бетінше заңсыз иеленілген жер учаскелерін қайтару туралы 174 талап арыз қаралды және қаралуда.

Қарау нәтижелері бойынша:

62 талап арыз қараусыз қалдырылды;

73 іс бойынша Басқарманың талаптары қанағаттандырылды;

35 іс сотта қаралу сатысында;

2 апелляциялық шағым бойынша сот актілері өзгеріссіз қалдырылды;

2 іс бойынша (жер учаскелерін қосып алу мәселелері) медиациялық келісімдер жасалды.

3) РММ ЖДЗР талап арыздары

Есепті кезеңде Алматы қаласының соттарында нұсқамаларды орындау жөнінде міндеттеу және құқық белгілейтін құжаттарды жарамсыз деп тану туралы 58 талап арыз қаралды және қаралуда.

Қарау нәтижелері бойынша:

18 іс бойынша РММ ЖДЗР талаптары қанағаттандырылды (сот актілері Басқармаға қолайсыз қабылданды);

24 талап арыз қараусыз қалдырылды;

2 іс бойынша талаптарды қанағаттандырудан бас тартылды (шешімдер Басқарма пайдасына қабылданды);

14 іс бойынша апелляциялық шағымдар берілді.

 

2026 жылға жоспарлар

Мемлекеттік қызметтерді ЕГКН порталы арқылы бірлесіп көрсету;

«Geonomix» уақытша жер пайдаланушыларды есепке алу жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін алып қою және сатып алу рәсімдерін аяқтау.

 

Алматы қаласы

Жер қатынастары басқармасы  

2025 жылға атқарылған жұмыстар туралы есеп және 2026 жылға арналған жо
Дата публикации
06 февраля 2026