Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 19 қаңтардағы № 1/1-65 қаулысы Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімін тоқтату туралы

Алматы қаласы әкімдігінің

2026 жылғы 19 қаңтардағы № 1/1-65 қаулысы

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға

байланысты жер учаскесін немесе өзге де

жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару

рәсімін тоқтату туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, «Мемлекеттік
мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабының
4-тармағына сәйкес және Алматы қаласы прокуратурасының
2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 2-17-25-49120 наразылықтың негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 4 қыркүйектегі № 3/373-1829 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті алып қоюға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы» қаулысына сәйкес жүргізілетін жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі тоқтатылсын.
  2. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы:

1) аталған қаулыны «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы қаласы бойынша филиалына мәлімет үшін жолдасын;

2)   осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

 

Алматы қаласының әкімі                                                                Д. Сатыбалды

 

 

 

 

 

Дата публикации
24 января 2026