Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 19 қаңтардағы № 1/1-64 қаулысы Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімін тоқтату туралы

 

Алматы қаласы әкімдігінің

2026 жылғы 19 қаңтардағы № 1/1-64 қаулысы

Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға

байланысты жер учаскелерін немесе өзге де

жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару

рәсімін тоқтату туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабының 4-тармағына сәйкес және «Алматы қаласы құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 30 желтоқсандағы №47.4-47.07/2070-И хаты негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 29 қазандағы №4/675-1313 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті алып қоюға байланысты жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы» қаулысына сәйкес жүргізілетін жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі тоқтатылсын.
  2. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы:

1) аталған қаулыны «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы қаласы бойынша филиалына мәлімет үшін жолдасын;

2) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

Алматы қаласының әкімі                                                                Д. Сатыбалды

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
24 января 2026