Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 21 қаңтардағы №1/1-88 қаулысы

 

Алматы қаласы әкімдігінің

2026 жылғы 21 қаңтардағы №1/1-88 қаулысы

 

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін

алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе

өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен

шығарудың басталуы туралы

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 17 қыркүйектегі № 21.2-21.11/1020-И хаты негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ортақ пайдаланудағы объектіні (аумақты абаттандыру және көгалдандыру) және №196 мектепке арналған тұрақ кеңістігін салу үшін, Алматы қаласы Алатау ауданының Мәдениет шағын ауданында орналасқан 24 (жиырма төрт) жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті осы қаулының қосымшасына сәйкес мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2028 жылдың 31 желтоқсанына дейін болып белгіленсін.
  3. Меншік иелері жүгінетін орын Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 155, 6 қабат, 605 кабинет болып белгіленсін.
  4. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  5. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының «Қала жер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен меншік иелерін хабардар етсін.
  6. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1) заңнамамен белгіленген тәртіпте жер учаскелерінің меншік иелеріне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;

2) жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан  кейін  жер  учаскелерін  «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берсін;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де  қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

Алматы қаласының әкімі                                                              Д. Сатыбалды

 

 

 

Алматы қаласы әкімдігінің

2026 жылғы 21 қаңтардағы

№ 1/1-88  қаулысына қосымша

 

 

Мәжбүрлеп иеліктен шығарылуға жататын жер учаскелерінің тізбесі

 

Р/с №

Жер учаскесінің меншік иесінің (жер пайдаланушының) тегі, аты-жөні  (атауы)

Кадастрлық нөмірі

 

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесінің ауданы, га

1.

Сарсенбеков Абылайхан Берикулы

20-321-072-428

Мәдениет шағын ауданы, 294/16 учаске

0,0800

2.

Сарсенбеков Абылайхан Берикулы

20-321-072-553

Мәдениет шағын ауданы, 295/16 учаске

0,0800

3.

Сарсенбеков Абылайхан Берикулы

20-321-072-504

Мәдениет шағын ауданы, 296/16 учаске

0,0800

4.

Сарсенбеков Абылайхан Берикулы

20-321-072-497

Мәдениет шағын ауданы, 297/16 учаске

0,0800

5.

Сарсенбеков Абылайхан Берикулы

20-321-072-444

Мәдениет шағын ауданы, 294/15 учаске

0,0800

6.

Сарсенбеков Абылайхан Берикулы

20-321-072-509

Мәдениет шағын ауданы, 295/15 учаске

0,0800

7.

Сарсенбеков Абылайхан Берикулы

20-321-072-606

Мәдениет шағын ауданы, 296/15 учаске

0,0800

8.

Сарсенбеков Абылайхан Берикулы

20-321-072-538

Мәдениет шағын ауданы, 297/15 учаске

0,0800

9.

Сарсенбеков Абылайхан Берикулы

20-321-072-580

Мәдениет шағын ауданы, 294/14 учаске

0,0800

10.

Сарсенбеков Абылайхан Берикулы

20-321-072-588

Мәдениет шағын ауданы, 295/14 учаске

0,0800

11.

Сарсенбеков Абылайхан Берикулы

20-321-072-549

Мәдениет шағын ауданы, 296/14 учаске

0,0800

12.

Сарсенбеков Абылайхан Берикулы

20-321-072-529

Мәдениет шағын ауданы, 297/14 учаске

0,0800

13.

Сарсенбеков Абылайхан Берикулы

20-321-072-526

Мәдениет шағын ауданы, 294/13 учаске

0,0800

14.

Сарсенбеков Абылайхан Берикулы

20-321-072-602

Мәдениет шағын ауданы, 295/13 учаске

0,0800

15.

Сарсенбеков Абылайхан Берикулы

20-321-072-567

Мәдениет шағын ауданы, 296/13 учаске

0,0800

16.

Сарсенбеков Абылайхан Берикулы

20-321-072-599

Мәдениет шағын ауданы, 294/12 учаске

0,0800

17.

Сарсенбеков Абылайхан Берикулы

20-321-072-561

Мәдениет шағын ауданы, 295/12 учаске

0,0800

18.

Сарсенбеков Абылайхан Берикулы

20-321-072-579

Мәдениет шағын ауданы, 296/12 учаске

0,0800

19.

Ахат Гулмира Ганиевна, Ахат Биржан Казыханулы

20-321-072-2388

Мәдениет шағын ауданы, Сүлейменов көшесі, 26 учаске

0,0705

20.

Ахат Гулмира Ганиевна, Ахат Биржан Казыханулы

20-321-072-2888

Мәдениет шағын ауданы, Сүлейменов көшесі, 23 учаске

0,0800

21.

Ахат Гулмира Ганиевна, Ахат Биржан Казыханулы

20-321-072-2392

Мәдениет шағын ауданы, Сүлейменов көшесі, 24 учаске

0,0703

22.

Ахат Гулмира Ганиевна, Ахат Биржан Казыханулы

20-321-072-2818

Мәдениет шағын ауданы, Сүлейменов көшесі, 21 учаске

0,0800

23.

Ахат Гулмира Ганиевна, Ахат Биржан Казыханулы

20-321-072-2386

Мәдениет шағын ауданы, Сүлейменов көшесі, 22 учаске

0,0703

24.

Ахат Гулмира Ганиевна, Ахат Биржан Казыханулы

20-321-072-2870

Мәдениет шағын ауданы, Сүлейменов көшесі 19 учаске

0,0800

 

_________________________________

 

Дата публикации
23 января 2026