Постановление акимата города Алматы от 21 января 2026 года № 1/1-86   О начале принудительного отчуждения земельных участков или иного недвижимого имущества в связи с изъятием земельных участков для государственных нужд

Алматы қаласы әкімдігінің

2026 жылғы 21 қаңтардағы №1/1-86 қаулысы

 

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін

алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе

өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен

шығарудың басталуы туралы

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 5 наурыздағы № 27.3-27.11/120-И хатының негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы үшін Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы, Осипенко көшесінің оңтүстігі, Белградская көшесінің батысында орналасқан 6 (алты) жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті осы қаулының қосымшасына сәйкес мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейін болып белгіленсін.
  3. Меншік иелері жүгінетін орын Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 155, 6 қабат, 602 кеңсе болып белгіленсін.
  4. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылдаған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  5. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының «Қала жер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен меншік иелерін хабардар етсін.
  6. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1) заңнамамен белгіленген тәртіпте меншік иелеріне жер учаскесінің өтемақысын төлеуді қамтамасыз етсін;

2) жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскелерін «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берсін;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де  қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік етенін орынбасарына жүктелсін.

 

Алматы қаласының әкімі                                                              Д. Сатыбалды

 

 

 

 

Алматы қаласы әкімдігінің

2026 жылғы 21 қаңтардағы

№ 1/1-86 қаулысына қосымша

 

 

Мәжбүрлеп иеліктен шығарылуға жататын жер учаскелерінің тізбесі

 

 

Р/с

№

Жер учаскесі
меншік иесінің (жер пайдаланушының) тегі, аты-жөні (атауы)

Кадастрлық нөмірі

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесінің ауданы, га

1

Касымова Айгуль Жансериковна, Абишева Кульмайра Жансериковна

20-317-048-107

Белград көшесі, 1

0,1000

2

«Қазинвестбанк» акционерлік қоғамы

20-317-048-143

Осипенко көшесі,

30/1 учаске

0,1132

3

«Қазинвестбанк» акционерлік қоғамы

20-317-048-144

Осипенко көшесі, 30

0,0933

4

Нурмагамбетова Нурчан Жумадиловна

20-317-048-061

Осипенко көшесі, 32

 

0,0753

5

Аскарбекова Галия Мамырбековна

20-317-048-163

Тынышбаев көшесі, 21

0,0822

6

«Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамы

20-317-048-090

Тынышбаев көшесі, 4432

0,0021

 

___________________________________

 

Дата публикации
23 января 2026