Алматы қаласы әкімдігінің
2026 жылғы 21 қаңтардағы № 1/1-83 қаулысы
Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін
алып қоюға байланысты жер учаскесінің бөлігін немесе
өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен
шығарудың басталуы туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, «Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 8 тамыздағы № 34.6-34.03/2233-И хаты негізінде Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Жол құрылысы үшін Гаукар Оразовна Бижигитованың Алматы қаласы, Алатау ауданы, 99 учаске мекенжайы бойынша орналасқан кадастрлық нөмірі 20-321-006-590, жалпы ауданы 0,0618 га жер учаскесінің ауданы 0,0104 га бөлігін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты, жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару басталсын.
- Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленсін.
- Меншік иесі жүгінетін орын Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 155, 6 қабат, 606 кеңсе болып белгіленсін.
- Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
- Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының «Қала жер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен меншік иесін хабардар етсін.
- «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
1) заңнамамен белгіленген тәртіпте жер учаскесінің меншік иесіне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;
2) жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскесін «Алматы қаласы Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берсін;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Алматы қаласының әкімі Д. Сатыбалды