Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 8 желтоқсандағы № 4/675-1529 қаулысы   Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып  қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Алматы қаласы әкімдігінің

2025 жылғы 8 желтоқсандағы № 4/675-1529 қаулысы

 

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып

 қоюға байланысты жер учаскесін немесе

өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен

шығарудың басталуы туралы

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, «Алматы қаласы Білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы                             7 қарашадағы № 42.1-42.09/1154-И хаты негізінде, Алматы қаласының                      әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Мектеп салу үшін «ИНТЕРЭКС и Компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің, Алатау ауданы, 20 шағынауданы, 48 учаске мекенжайы бойынша орналасқан (кадастрлық нөмірі 20-321-032-378), ауданы 2,0922 га жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленсін.
  3. Меншік иесі жүгінетін орын Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 6 қабат, 602 кеңсе болып белгіленсін.
  4. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  5. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1) заңнамамен белгіленген тәртіпте меншік иесін хабардар етсін және жер учаскесінің меншік иесіне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;

2) жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскесін «Алматы қаласы Білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берсін;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де  қажетті шараларды қабылдасын. 

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

 

Алматы қаласының әкімі                                                                     Д. Сатыбалды

Дата публикации
10 декабря 2025