Алматы қаласы әкімдігінің  2025 жылғы 10 қарашадағы №4/675-1366 қаулысы Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Алматы қаласы әкімдігінің

 2025 жылғы 10 қарашадағы №4/675-1366 қаулысы

 

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін

алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе

өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен

шығарудың басталуы туралы

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, «Алматы қаласы Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 25 қыркүйектегі № 34.1-34.04/2804-И хатының негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Көкжайлау» тау шаңғысы кешеніне жол салу үшін Алматы қаласы, Бостандық және Медеу аудандарында орналасқан 13 (он үш) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті осы қаулының қосымшасына сәйкес мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2028 жылдың 31 желтоқсанына дейін болып белгіленсін.
  3. Меншік иелері жүгінетін орын Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 155, 6 қабат, 602 кеңсе болып белгіленсін.
  4. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылдаған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  5. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының «Қала жер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен меншік иелерін хабардар етсін.
  6. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1) заңнамамен белгіленген тәртіпте меншік иелеріне жер учаскесінің өтемақысын төлеуді қамтамасыз етсін;

2) жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскелерін «Алматы қаласы Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берсін;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де  қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік етенін орынбасарына жүктелсін.

 

 

Алматы қаласының әкімі                                                              Д. Сатыбалды

 

Алматы қаласы әкімдігінің

2025 жылғы 10 қарашадағы

№ 4/675-1366 қаулысына қосымша

 

Мәжбүрлеп иеліктен шығарылуға жататын жер учаскелерінің тізбесі

Р/с №

Жер учаскесінің меншік иесінің (жер пайдаланушының) тегі, аты-жөні  (атауы)

Кадастрлық нөмірі

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесінің ауданы, га

1

«Алматинские электрические станции» акционерлік қоғамы

20-313-047-024

 

 

 

«Көкшоқы» шағынауданы, 1/10 учаске

 

жалпы-0,9724

иеліктен шығарылатын ауданы-0,0982

2

«Алматинские электрические станции» акционерлік қоғамы

 

20-313-047-004

 

 

 

 

«Көкшоқы» шағынауданы, 1/5 ғимарат

 

 

жалпы-0,9062

иеліктен шығарылатын ауданы-0,1033

3

Кубанов Заур Юрьевич

 

 

20-313-062-028

 

 

 

«Көкшоқы» шағынауданы, Казачка көшесі, 8А

 

жалпы-0,1020

иеліктен шығарылатын ауданы-0,0431

4

Дзауров Исмэйл Мусаевич

 

 

 

20-313-062-037

 

 

 

 

«Көкшоқы» шағынауданы, Казачка көшесі, 10

 

 

жалпы-0,0800

иеліктен шығарылатын ауданы-0,0167

5

Булбул Рамазан

 

 

 

20-313-062-034

 

 

 

«Көкшоқы» шағынауданы, Казачка көшесі, 14

 

жалпы-0,0450

иеліктен шығарылатын ауданы-0,0070

6

Кенжибай Айнур

 

20-313-062-035

 

 

 

«Көкшоқы» шағынауданы, Казачка көшесі, 14/1

жалпы-0,0550

иеліктен шығарылатын ауданы-0,0059

7

Ким Марк Эрнестович

 

20-313-062-020

 

«Көкшоқы» шағынауданы, Казачка көшесі, 12/1

жалпы-0,1500

иеліктен шығарылатын ауданы-0,0408

8

Елеусова Айгерим Маликовна, Анварулы Ильяс

 

20-313-062-021

 

 

«Көкшоқы» шағынауданы, Казачка көшесі, 22

жалпы-0,2000

иеліктен шығарылатын ауданы-0,0360

9

Мухамедрахимова Ильнора Джавдатовна

 

 

20-313-062-029

 

 

 

 

«Көкшоқы» шағынауданы, Казачка көшесі, 3

 

 

жалпы-0,0838

иеліктен шығарылатын ауданы-0,0021

10

Моминов Руслан Талгатович, Моминова Гузель Ильмуратовна

 

20-313-062-043

 

 

«Көкшоқы» шағынауданы, Казачка көшесі, 20/1 учаске

жалпы-0,0528

иеліктен шығарылатын ауданы-0,0172

11

Моминов Руслан Талгатович, Моминова Гузель Ильмуратовна

 

20-313-062-026

 

 

 

 

«Көкшоқы» шағынауданы, Казачка көшесі, 24

 

 

жалпы-0,1000

иеліктен шығарылатын ауданы-0,0157

12

Дудиловская Маргарита Генриховна

 

20-313-062-036

 

 

 

«Көкшоқы» шағынауданы, Казачка көшесі, 1/1

 

жалпы-0,1000

иеліктен шығарылатын ауданы-0,0252

13

Қазақ соқырлар қоғамы қоғамдық бірлестігі (республикалық мәртебе)

 

20-313-062-024

 

 

 

 

 

«Көкшоқы» шағынауданы, Казачка көшесі,  77 учаске

 

 

 

жалпы-0,3000

иеліктен шығарылатын ауданы-0,1481

             

 

___________________________________

 

 

Дата публикации
17 ноября 2025