Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 29 қазандағы № 4/675-1312 қаулысы Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Алматы қаласы әкімдігінің

2025 жылғы 29 қазандағы № 4/675-1312 қаулысы

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін

алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе

өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен

шығарудың басталуы туралы

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес және «Алматы қаласы Мдеу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 12 наурыздағы № 26.1-26.06/515-И хаты негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ортақ пайдалану объектісі үшін (жаңа қоғамдық кеңістіктер құру және аумақты абаттандыру), Алматы қаласының Медеу ауданындағы, Пушкин көшесі 99, 1Г, 1/5, 1Б учаскелері мекенжайында орналасқан жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүліктерді осы қаулының қосымшасына сәйкес мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейін болып белгіленсін.
  3. Меншік иелері жүгінетін орын Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 155, 6 қабат, 603 кеңсе болып белгіленсін.
  4. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылдаған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  5. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының «Қала жер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен меншік иелерін хабардар етсін.
  6. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1) заңнамамен белгіленген тәртіпте жер учаскелерінің меншік иелеріне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;

          2) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын  мүлікті  мәжбүрлеп  иеліктен шығару бойынша іс-шараларды

аяқтағаннан кейін жер учаскелерін «Алматы қаласы Мдеу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берсін;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де  қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік етенін орынбасары жүктелсін.

 

Алматы қаласының әкімі                                                              Д. Сатыбалды

 

 

Алматы қаласы әкімдігінің

2025 жылғы 29 қазандағы

№ 4/675-1312 қаулысына қосымша

 

 

Мәжбүрлеп иеліктен шығарылуға жататын жер учаскелерінің тізбесі

 

Р/с №

Жер учаскесінің меншік иесінің (жер пайдаланушының) тегі, аты-жөні (атауы)

Кадастрлық номірі

Жер учаскесінің оналасқан жері

Жер учаскесінің ауданы, га

1.

«Аслан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

20-315-047-368

Медеу ауданы, 99 учаске

0,0248

2.

«Аслан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

20-315-047-370

Пушкин көшесі, 1Г учаске

0, 0147

3.

«Аслан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

20-315-047-216

Пушкин көшесі, 1Б учаске

0, 0174

4.

«begemot almaty» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

20-315-047-456

Пушкин көшесі, 1/5 учаске

0,0022

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
30 октября 2025