Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 29 қазандағы № 4/675-1313 қаулысы Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Алматы қаласы әкімдігінің

2025 жылғы 29 қазандағы № 4/675-1313 қаулысы

 

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін

алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе

өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен

шығарудың басталуы туралы

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, «Алматы  қаласы Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы                    12 қыркүйектегі № 47.1-47.06/1389-И хатының негізінде, Алматы қаласының                әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ортақ пайдалану объектілерін (машина залы және жүзу бассейні) салу үшін, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Керей-Жәнібек хандар көшесінде орналасқан 3 (үш) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті осы қаулының қосымшасына сәйкес мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2028 жылдың 31 желтоқсанына дейін болып белгіленсін.
  3. Меншік иелері жүгінетін орын Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 155, 6 қабат, 605 кеңсе болып белгіленсін.
  4. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  5. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының «Қала жер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен меншік иелерін хабардар етсін.
  6. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1) заңнамамен белгіленген тәртіпте жер учаскелерінің меншік иелеріне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;

2) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскелерін «Алматы қаласы Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берсін;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де  қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік етенін орынбасары жүктелсін.

 

 

Алматы қаласының әкімі                                                              Д. Сатыбалды

 

Алматы қаласы әкімдігінің

2025 жылғы 29 қазандағы

№ 4/675-1313 қаулысына қосымша

 

 

Мәжбүрлеп иеліктен шығарылуға жататын жер учаскелерінің тізбесі

 

Р/с №

Жер учаскесінің меншік иесінің (жер пайдаланушының) тегі, аты-жөні  (атауы)

Кадастрлық нөмірі

 

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесінің ауданы, га

1.

«Алатау Холдинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

20:315:913:006

Керей-Жәнібек хандар көшесі, 578 үй

0,0803

2.

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Алматы қаласы)» мемлекеттік мекемесі

20:315:913:112

Керей-Жәнібек хандар көшесі, 461/1 үй

0,2919  

3.

«Chimbulak Development» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

20:315:913:063

Керей-Жәнібек хандар көшесі, 463/3 учаскесі

3,0408  

 

_________________________________

 

 

Дата публикации
30 октября 2025