Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, «Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 4 маусымдағы № 34.5-34.07/1600-И хатының негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) заңнамамен белгіленген тәртіпте меншік иелеріне жер учаскесінің өтемақысын төлеуді қамтамасыз етсін;
2) жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскелерін «Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берсін;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
Алматы қаласының әкімі Д. Сатыбалды
Алматы қаласы әкімдігінің
2025 жылғы 22 қазандағы
№ 4/675-1294 қаулысына қосымша
Мәжбүрлеп иеліктен шығарылуға жататын жер учаскелерінің тізбесі
|
№ п/п |
Жер учаскесі меншік иесінің (жер пайдаланушының) тегі, аты-жөні (атауы) |
Кадастрлық нөмірі |
Жер учаскесінің орналасқан жері |
Жер учаскесінің ауданы, га |
|
1. |
«Leon T+» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
20-314-008-220 |
Рысқұлов даңғылы, 76 |
жалпы-5,6793 үлесі-2,0000 |
|
2. |
«Central Asia Motor Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
20-314-008-220 |
Рысқұлов даңғылы, 76 |
жалпы-5,6793 үлесі-3,3565 |
|
3. |
Бискультанов Мурат Мухамбетгалиевич |
20-314-008-220 |
Рысқұлов даңғылы, 76 |
жалпы-5,6793 үлесі-0,1500 |
_________________________________