Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 22 қазандағы № 4/675-1293 қаулысы   Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Алматы қаласы әкімдігінің

2025 жылғы 22 қазандағы № 4/675-1293 қаулысы

 

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін

алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе

өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен

шығарудың басталуы туралы

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес «Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру                                        басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы                                               9 қазандағы № 56.1-56.04/104-И хаты негізінде, Алматы қаласының                                                     әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Автомобиль паркі құрылысы үшін, Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, «Шұғыла» шағынауданында орналасқан 7 (жеті) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті осы қаулының қосымшасына сәйкес мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2028 жылдың 31 желтоқсанына дейін болып белгіленсін.
  3. Меншік иелері жүгінетін орын Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 155, 6 қабат, 605 кеңсе белгіленсін.
  4. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  5. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының «Қала жер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен меншік иелерін хабардар етсін.
  6. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1) заңнамамен белгіленген тәртіпте жер учаскелерінің меншік иелеріне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;

2) жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан  кейін жер  учаскелерін «Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берсін;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де  қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік етенін орынбасары жүктелсін.

 

Алматы қаласының әкімі                                                                   Д. Сатыбалды

 

Алматы қаласы әкімдігінің

2025 жылғы 22 қазандағы

№ 4/675-1293  қаулысына қосымша

 

 

Мәжбүрлеп иеліктен шығарылуға жататын жер учаскелерінің тізбесі

 

Р/с №

Жер учаскесінің меншік иесінің (жер пайдаланушының) тегі, аты-жөні  (атауы)

Кадастрлық нөмірі

 

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесінің ауданы, га

1.

«Qazaq Stroy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

20-322-001-099

Шұғыла шағынауданы, Сәкен Жүнісов көшесі, 2/8 учаске

0,7764

2.

«Астана-спецавтосервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

20-322-001-064

Шұғыла шағынауданы, Сәкен Жүнісов көшесі, 2/27 учаске

0,5747

3.

«ЖК Alatau Plus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

20-322-001-090

Шұғыла шағынауданы, Сәкен Жүнісов көшесі, 2/14 учаске

1,9974

4.

«Астана-спецавтосервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

20-322-001-063

Шұғыла шағынауданы, Сәкен Жүнісов көшесі, 2/28 учаске

0,4019

5.

«Qazaq Stroy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

20-322-001-100

Шұғыла шағынауданы, Сәкен Жүнісов көшесі, 2/9 учаске

1,6541

6.

Мұрат Әлия Қайратқызы

20-322-001-072

Шұғыла шағынауданы, Сәкен Жүнісов көшесі, 2/99 учаске

2,9978

7.

«КазКонсалтингПартнер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

20-322-001-149

Абай шағынауданы, Абай көшесі, 11/36 учаске

4,2647

 

_________________________________

 

Дата публикации
23 октября 2025