Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 22 қазандағы № 4/675-1292 қаулысы   Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Алматы қаласы әкімдігінің

2025 жылғы 22 қазандағы № 4/675-1292 қаулысы

 

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін

алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе

өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен

шығарудың басталуы туралы

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, «Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 17 шілдедегі № 28.4-28.04/527-И хаты негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Балалар ойын алаңын ұйымдастыру үшін Сагымкан Кенжемолдаеваның Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Мейрам шағынауданы, Қыран көшесі, 20 учаске мекенжайында орналасқан, кадастрлық нөмірі 20-322-014-860, ауданы 0,0800 га, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты, жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленсін.
  3. Меншік иесі жүгінетін орын Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 155, 6 қабат, 603 кеңсе болып белгіленсін.
  4. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  5. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының «Қала жер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен меншік иелерін хабардар етсін.
  6. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1) заңнамамен белгіленген тәртіпте жер учаскесінің меншік иесіне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;

2) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесі немесе өзге де жылжымайтын  мүлікті  мәжбүрлеп  иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскесін «Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берсін;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де  қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

Алматы қаласының әкімі                                                              Д. Сатыбалды

Дата публикации
23 октября 2025