Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 22 қазандағы № 4/675-1290 қаулысы Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Алматы қаласы әкімдігінің

2025 жылғы 22 қазандағы № 4/675-1290 қаулысы

 

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін

алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе

өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен

шығарудың басталуы туралы

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, «Алматы қаласы Білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 10 шілдедегі  № 42.4-42.09/748-И хатының негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. №193 мектеп аумағын кеңейту үшін, Алматы қаласы, Жетісу ауданы, «Кемел» шағынауданында орналасқан 20 (жиырма) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті осы қаулының қосымшасына сәйкес мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейін болып белгіленсін.
  3. Меншік иелері жүгінетін орын Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 155, 6 қабат, 606 кеңсе болып белгіленсін.
  4. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылдаған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  5. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының «Қала жер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен меншік иелерін хабардар етсін.
  6. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1) заңнамамен белгіленген тәртіпте меншік иелеріне жер учаскесінің өтемақысын төлеуді қамтамасыз етсін;

2) жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскелерін «Алматы қаласы Білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берсін;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де  қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік етенін орынбасарына жүктелсін.

 

Алматы қаласының әкімі                                                              Д. Сатыбалды

 

 

Алматы қаласы әкімдігінің

2025 жылғы 22 қазандағы

№ 4/675-1290 қаулысына қосымша

 

                       Мәжбүрлеп иеліктен шығарылуға жататын жер учаскелерінің тізбесі

 

№ п/п

Жер учаскесі

меншік иесінің (жер пайдаланушының) тегі, аты-жөні (атауы)

Кадастрлық нөмірі

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесінің ауданы, га

1.       

Диденко Андрей Викторович

20-314-069-050

«Кемел» шағынауданы, Есім Хан көшесі, 121

0,1500

2.       

Саенко Наталья Юрьевна

20-314-069-250

«Кемел» шағынауданы, Есім Хан көшесі, 119А

0,0680

3.       

Комарицкая Ольга Васильевна

20-314-069-252

«Кемел» шағынауданы, Есім Хан көшесі, 119

0,0730

4.       

Загляда Григорий Васильевич

20-314-069-129

«Кемел» шағынауданы, Есім Хан көшесі, 117

0,1639                                  үлесі-0,0818

5.       

Загляда Анатолий Анатольевич

20-314-069-129

«Кемел» шағынауданы, Есім Хан көшесі, 117, кв. 2

0,1639                                  үлесі-0,0821

6.       

Теске-енгибарян Грант

20-314-069-883

«Кемел» шағынауданы, Есім Хан көшесі, 115

0,1448

7.       

Белик Елена Алексеевна

20-314-069-1270

«Кемел» шағынауданы, Есім Хан көшесі, 111

0,0926

8.       

Пузин Юрий Николаевич, Пузина Галина Николаевна

20-314-069-793

«Кемел» шағынауданы, Есім Хан көшесі, 109

0,0580

9.       

Панченко Юрий Андреевич

20-314-069-778

«Кемел» шағынауданы, Есім Хан көшесі, 107

0,0932

10.   

Бакиева Жанаркуль Алгожаевна, Иминова Мадина Ибраимовна

20-314-069-1199

«Кемел» шағынауданы, Көкшолақ көшесі, 11

0,1317

11.   

Афонин Евгений Викторович, Санина Ксения

20-314-069-684

«Кемел» шағынауданы, Көкшолақ көшесі, 9

0,0843

12.   

Афонина Галина Ивановна

20-314-069-709

«Кемел» шағынауданы, Көкшолақ көшесі, 7

0,0873

13.   

Ерохина Ирина Николаевна

20-314-069-617

«Кемел» шағынауданы, Жар-Жар көшесі, 40

0,0620

14.   

Яркова Светлана Алексеевна, Ярков Иван Сергеевич

20-314-069-1181

«Кемел» шағынауданы, Жар-Жар көшесі, 42/1

0,0600

15.   

Решетченко Александр Витальевич

20-314-069-1182

«Кемел» шағынауданы, Жар-Жар көшесі, 42

0,0989

16.   

Красов Александр Васильевич, Красова Марина Михайловна

20-314-069-1470

«Кемел» шағынауданы, Жар-Жар көшесі, 44

0,1134

17.   

Асанов Тагир Икрамханович

20-314-069-1263

«Кемел» шағынауданы, Жар-Жар көшесі, 46

0,1041

18.   

Ноерманов Кенжин Дюсюпович

20-314-069-1084

«Кемел» шағынауданы, Жар-Жар көшесі, 48

0,1105

19.   

Дуткевич Валентина Александровна

20-314-069-1102

«Кемел» шағынауданы, Жар-Жар көшесі, 50

0,1059

20.   

Диденко Андрей Викторович

20-314-069-903

«Кемел» шағынауданы, Жар-Жар көшесі, 52

0,0978

 

_________________________________

 

 

Дата публикации
23 октября 2025