Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 6 қазандағы № 4/675-1252 қаулысы   Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 21 қазандағы № 4/530-2129 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып  қоюға байланысты жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Алматы қаласы әкімдігінің

2025 жылғы 6 қазандағы № 4/675-1252 қаулысы

 

 

Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 21 қазандағы

№ 4/530-2129 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып

 қоюға байланысты жер учаскесінің немесе өзге де

жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың

басталуы туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

 

Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 21 қазандағы № 4/530-2129 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

аталған қаулының 1және 2 тармақтары келесі редакцияда мазмұндалсын:

«1. Автобус паркін салу үшін Касым Физуллаоглы Амидовтың Алматы қаласы, Медеу ауданы, Құлжа трактісі, 34/3 учаске мекенжайы бойынша орналасқан (кадастрлық нөмірі 20-315-062-197), ауданы 6,3500 га жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.

  1. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленсін.».
  2. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  3. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік етенін орынбасары жүктелсін.

 

 

Алматы қаласының әкімі                                                                      Д. Сатыбалды

 

Дата публикации
08 октября 2025