Алматы қаласы әкімдігінің
2025 жылғы 6 қазандағы № 4/675-1251 қаулысы
Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 30 сәуірдегі
№ 2/225-262 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін
алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де
жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың
басталуы туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 30 сәуірдегі № 2/225-262 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулының 2 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленсін.»;
аталған қаулының қосымшасындағы реттік нөмірі 1 жолы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«
|
1.
|
«KAZSTAR Construction Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
|
20-315-062-012
|
Құлжа тас жолы, 34
|
0,3119
|
»:
- Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
- Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік етенін орынбасары жүктелсін.
Алматы қаласының әкімі Д. Сатыбалды