Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін
алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе
өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен
шығарудың басталуы туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 4 қыркүйектегі № 34.1-34.03/2544-И хаты негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Валихан Дауренбекович Шажировтың Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, «Құрамыс» шағын ауданы, Ақселеу Сейдімбек көшесі, 222/3 учаске мекенжайы бойынша орналасқан (кадастрлық нөмірі 20-322-024-165), ауданы – 0,0641 га;
2) Амирхан Калиевич Джакатаевтың, Жамила Нурымовна Джакатаевның Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, «Құрамыс» шағын ауданы, Ақселеу Сейдімбек көшесі, 100/5 учаске мекенжайы бойынша орналасқан (кадастрлық нөмірі 20-20-322-024-1489), ауданы – 0,0740 га.
1) заңнамамен белгіленген тәртіпте жер учаскелерінің меншік иелеріне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;;
2) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскелерін «Алматы қаласы Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берсін;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
Алматы қаласының әкімі Д. Сатыбалды