Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 10 қыркүйектегі № 3/470-1190 қаулысы Жер учаскелерін шектеулі пайдалану құқығын белгілеу туралы (жария сервитут)

Алматы қаласы әкімдігінің

2025 жылғы 10 қыркүйектегі № 3/470-1190 қаулысы

 

Жер учаскелерін шектеулі пайдалану құқығын

белгілеу туралы (жария сервитут)

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 16 және 69 баптарына  
сәйкес, «Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 9 шілдедегі № 34.1-34.03/1936-И хаты негізінде Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2027 жылдың соңына дейін құрылыс кезеңінде «Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүддесінде жол жүруді ұйымдастыру үшін Алматы қаласы, Бостандық ауданында орналасқан, жалпы ауданы 0,2105 га жер учаскесін меншік иелерінен (жер пайдаланушылардан) алып қоюсыз жария сервитуттың шекара жоспарына және қаулының қосымшасына сәйкес шектеулі пайдалану (жария сервитут) құқығы белгіленсін.
  2. «Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жер учаскесінің меншік иелерін (жер пайдаланушыларды) шектеулі пайдалану құқығының (жария сервитут) белгіленгені туралы және аталған жер учаскелерінде құрылыс жұмыстарын бастау мерзімдері туралы хабардар етсін.
  3. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1) осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

2) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік етенін орынбасарына жүктелсін.

 

 

Алматы қаласының әкімі                                                                       Д. Сатыбалды

 

 

 

 

Дата публикации
16 сентября 2025