Алматы қаласы әкімдігінің 2 025 жылғы 15 тамыздағы №3/470-1143 қаулысы   Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2

025 жылғы 15 тамыздағы №3/470-1143 қаулысы

 

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін

алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе

өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен

шығарудың басталуы туралы

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласының                     Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы                                        28 мамырдағы № 21-02-5/12/1148-И хаты негізінде, Алматы қаласының                                             әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Өрт сөндіру депосының құрылысы үшін, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Райымбек даңғылында орналасқан 2 (екі) жер учаскеcін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті осы қаулының қосымшасына сәйкес мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2028 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленсін.
  3. Меншік иелері жүгінетін орын Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 155, 6 қабат, 603 кеңсе болып белгіленсін.
  4. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  5. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының «Қала жер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен меншік иелерін хабардар етсін.
  6. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1) заңнамамен белгіленген тәртіпте жер учаскелерінің меншік иелеріне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;

2) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын  мүлікті  мәжбүрлеп  иеліктен шығару бойынша іс-шараларды

аяқтағаннан кейін жер учаскелерін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берсін;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де  қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

 

Алматы қаласының әкімі                                                            Д. Сатыбалды

 

 

Алматы қаласы әкімдігінің

2025 жылғы «15» тамыздағы

№ 3/470-1143 қаулысына қосымша

 

 

Мәжбүрлеп иеліктен шығарылуға жататын жер учаскелерінің тізбесі

 

Р/с №

Жер учаскесінің меншік иесінің (жер пайдаланушының) тегі, аты-жөні  (атауы)

 

Кадастрлық нөмірі

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесінің ауданы, га

1.

«Алит-А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

20-311-024-073

Райымбек даңғылы, 212/1

0,1992 

2.

Хамедова Мехрибан Ядуллакызы

20-311-024-173

Райымбек даңғылы, 212А

0,4752

 

 

Дата публикации
25 августа 2025