Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 15 тамыздағы № 3/470-1142 қаулысы   Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Алматы қаласы әкімдігінің

2025 жылғы 15 тамыздағы № 3/470-1142 қаулысы

 

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін

алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де

жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен

шығарудың басталуы туралы

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына,
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес
және «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы» Республикалық мемлекеттік мекемесінің
2025 жылғы 16 мамырдағы № 1-11-248/1303 хатының негізінде,
Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қорғаныс мұқтаждары үшін (жаңа полиция академиясының құрылысы) «Niagara Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, 9 шағынаудан (әуежай), 21/4 учаске мекенжайы бойынша орналасқан (кадастрлық нөмірі 20-317-011-190), жалпы ауданы – 11,79 га жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін болып белгіленсін.
  3. Меншік иесі жүгінетін орын Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 155, 6 қабат, 602 кеңсе болып белгіленсін.
  4. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылдаған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  5. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының «Қала Жер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен меншік иесін хабардар етсін;
  6. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1) заңнамамен белгіленген тәртіпте жер учаскесінің меншік иесіне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;

2)  мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды  аяқтағаннан  кейін

жер учаскесін «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы» Республикалық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берсін;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де  қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік етенін орынбасары жүктелсін.

 

Алматы қаласының әкімі                                                                Д. Сатыбалды

Дата публикации
25 августа 2025