Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 13 тамыздағы №3/470-1123 қаулысы Жер учаскелерін шектеулі пайдалану құқығын белгілеу туралы (жария сервитут)

Алматы қаласы әкімдігінің

2025 жылғы 13 тамыздағы №3/470-1123 қаулысы

Жер учаскелерін шектеулі пайдалану құқығын

белгілеу туралы (жария сервитут)

 

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 16 және 69 баптарына  
сәйкес, «Алматы қаласы Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 17 ақпандағы № 47.2-47.04/210-И хаты негізінде
Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2027 жылдың соңына дейін құрылыс кезеңінде «Алматы қаласы Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүддесінде сыртқы инженерлік желілерді шығару үшін Алматы қаласы, Түрксіб ауданында орналасқан, жалпы ауданы 0,0386 га жер учаскелерін меншік иелерінен (жер пайдаланушылардан) алып қоюсыз жария сервитуттың шекара жоспарына және қаулының қосымшасына сәйкес шектеулі пайдалану (жария сервитут) құқығы белгіленсін.
  2. «Алматы қаласы Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жер учаскесінің меншік иелерін (жер пайдаланушыларды) шектеулі пайдалану құқығының (жария сервитут) белгіленгені туралы және аталған жер учаскелерінде құрылыс жұмыстарын бастау мерзімдері туралы хабарлар етсін.
  3. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1) осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

2) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік етенін орынбасарына жүктелсін.

 

 

Алматы қаласының әкімі                                                                        Д. Сатыбалды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы қаласы әкімдігінің

2025 жылғы «13» тамыздағы

№ 3/470-1123  қаулысына қосымша

 

 

Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

 

Р/с №

Кадастрлық нөмірі

 

Жер учаскесінің орналасқан жері

Сервитут шекарасына кіретін жер учаскесінің ауданы (га)

1

20-317-004-138

Түрксіб ауданы, Красногорская көшесі, 6Б үй

0,0253

2

20-317-004-033

Түрксіб ауданы, 13 Әскери қалашық көшесі, 38/1 үй

0,0133

 

 

Дата публикации
18 августа 2025