Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 13 тамыздағы №3/470-1121 қаулысы Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Алматы қаласы әкімдігінің

2025 жылғы 13 тамыздағы №3/470-1121 қаулысы

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін

алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе

өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен

шығарудың басталуы туралы

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласының                          Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесінің                                                   2025 жылғы 28 мамырдағы № 21-02-5/12/1148-И хаты негізінде, Алматы қаласының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Өрт сөндіру депосының құрылысы үшін, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Жандосов көшесінің солтүстігінде, Лебедев көшесінің шығысында орналасқан 8 (сегіз) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті осы қаулының қосымшасына сәйкес мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 3/370-537 қаулысының күші жойылсын.
  3. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2028 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленсін.
  4. Меншік иелері жүгінетін орын Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 155, 6 қабат, 605 кеңсе болып белгіленсін.
  5. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  6. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының «Қала жер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен меншік иелерін хабардар етсін.
  7. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1) заңнамамен белгіленген тәртіпте жер учаскелерінің меншік иелеріне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;

2) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскелерін «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берсін;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де  қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік етенін орынбасары жүктелсін.

 

 

Алматы қаласының әкімі                                                              Д. Сатыбалды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы қаласы әкімдігінің

2025 жылғы «13» тамыздағы

№3/470-1121  қаулысына қосымша

 

 

Мәжбүрлеп иеліктен шығарылуға жататын жер учаскелерінің тізбесі

 

Р/с №

Жер учаскесінің меншік иесінің (жер пайдаланушының) тегі, аты-жөні  (атауы)

Кадастрлық нөмірі

 

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесінің ауданы, га

1.

Алмекеева Назира Есмухановна, Мұхтар Гұлнар Қанатқызы, Мухтаров Санат Канатович

20-313-033-016

Лебедев көшесі, 21

0,0519

2.

Китаевская Валентина Александровна

20-313-033-313

Лебедев көшесі, 19

жалпы-0,0652 үлесі-0,0326  

3.

Морозов Анатолий Александрович

20-313-033-313

Лебедев көшесі, 19

жалпы-0,0652 үлесі-0,0326  

4.

Сафин Нуржан Шакпатович, Сафина Назгуль Сарыаркановна

20-313-033-346

Лебедев көшесі, 17

0,0545

5.

Оспанов Еркин Башанович

20-313-033-186

Лебедев көшесі, 15

жалпы-0,0535 үлесі-0,0268

6.

Диханбаева Майра Нурмолдановна

20-313-033-186

Лебедев көшесі, 15

жалпы-0,0535 үлесі-0,0267

7.

Баталов Данияр Темиргалиевич

20-313-033-272

Лебедев көшесі, 13

0,0512

8.

Ланин Юрий Валерьевич, Лукьянов Яков Сергеевич, Лукьянов Михаил Сергеевич

20-313-033-032

Вахтангов көшесі, 14, 1 пәтер

жалпы-0,1386 үлесі-0,0376 үлесі-0,0137

9.

Березина Олеся Николаевна, Кайнова Ольга Гавриловна, Березина Людмила Гавриловна, Кайнов Дмитрий Валерьевич 

20-313-033-032

Вахтангов көшесі, 14, 2 пәтер

жалпы-0,1386 үлесі-0,0349 үлесі-0,0524

10.

Жатакбекова Алмагуль Нургасимовна

20-313-033-107

Вахтангов көшесі, 16, 1 пәтер

жалпы-0,0744 үлесі-0,0300

11.

Табылганова Гаухар Кеншиликовна, Нурпеисов Медет Нурдаулетович

20-313-033-107

Вахтангов көшесі, 16, 2 пәтер

жалпы-0,0744 үлесі-0,0144

12.

Булагенова Тураш Карагойшиевна

20-313-033-107

Вахтангов көшесі, 16, 3 пәтер

жалпы-0,0744 үлесі-0,0300

 

 

 

 

 

 

13.

Каминская Татьяна Александровна

20-313-033-268

Вахтангов көшесі, 18, 1 пәтер

жалпы-0,0712 үлесі-0,0177   

14.

Загайдулин Валерий Геннадьевич, Загайдулина Ольга Викторовна, Загайдулин Виталий Валерьевич

20-313-033-268

Вахтангов көшесі, 18, 2 пәтер

жалпы-0,0712 үлесі-0,0169   

15.

Нурмаханбетова Алия Файзуллаевна

20-313-033-268

Вахтангов көшесі, 18, 3 пәтер

жалпы-0,0712 үлесі-0,0218   

16.

Нурланкулов Байсерик Бейсенжанович

20-313-033-268

Вахтангов көшесі, 18, 4 пәтер

жалпы-0,0712 үлесі-0,0148   

 

 

Дата публикации
18 августа 2025