Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 21 шілдедегі №3/470-1043 қаулысы Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 3/373-1788 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Алматы қаласы әкімдігінің

2025 жылғы 21 шілдедегі №3/470-1043 қаулысы

Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 29 тамыздағы

№ 3/373-1788 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін

алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де

жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың

басталуы туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

 

Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 3/373-1788 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

Қосымшада:

реттік нөмірлері 2 және 3 жолдар алынып тасталсын.

  1. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  2. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік етенін орынбасары жүктелсін.

 

 

Алматы қаласының әкімі                                                                       Д. Сатыбалды

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
23 июля 2025