Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 21 шілдедегі №3/470-1034 қаулысы Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

 

Алматы қаласы әкімдігінің

2025 жылғы 21 шілдедегі №3/470-1034 қаулысы

 

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін

алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе

өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен

шығарудың басталуы туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, «Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 7 наурыздағы № 34.1-34.05/685-И хаты негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Тұру-бұрылу алаңын салу үшін, Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, «Әлмерек» шағын ауданында орналасқан 13 (он үш) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті осы қаулының қосымшасына сәйкес мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2028 жылдың 31 желтоқсанына дейін болып белгіленсін.
  3. Меншік иелері жүгінетін орын Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 155, 6 қабат, 605 кеңсе болып белгіленсін.
  4. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  5. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының «Қала жер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен меншік иелерін хабардар етсін.
  6. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1) заңнамамен белгіленген тәртіпте жер учаскелерінің меншік иелеріне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;

2) жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан  кейін  жер  учаскелерін  «Алматы  қаласы  Қалалық  мобилділік басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берсін;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

Алматы қаласының әкімі                                                                Д. Сатыбалды

 

 

Алматы қаласы әкімдігінің

2025 жылғы «21» шілдедегі

№ 3/470-1034 қаулысына  қосымша

 

Мәжбүрлеп иеліктен шығарылуға жататын жер учаскелерінің тізбесі

 

Р/с №

Жер учаскесінің меншік иесінің (жер пайдаланушының) тегі, аты-жөні  (атауы)

Кадастрлық нөмірі

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесінің ауданы, га

1.     

«Алатау Жарық Компаниясы» Акционерлік қоғамы

20-317-102-940

«Альмерек» шағын ауданы, (мектеп)

0,0047  

2.     

«Алатау Жарық Компаниясы» Акционерлік қоғамы

20-317-102-938

«Альмерек» шағын ауданы, 95/26

0,0022

  

3.     

«GLOBAL REALTY SERVICE» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

20-317-102-462

«Альмерек» шағын ауданы, Шортанбай Жырау көшесі, 118 үй

жалпы -9,1292

үлесі-9,0333 иеліктен шығарылатын ауданы-1,5330

4.     

Смагулов Сакен Тулеуович

20-317-102-462

«Альмерек» шағын ауданы, Шортанбай Жырау көшесі, 118 үй

жалпы -9,1292

үлесі-0,0959

5.     

Кушелекова Умыт Бабакановна

20-317-102-282

«Альмерек» шағын ауданы, Алгабас көшесі, 19  учаске

0,0700

 

6.     

Христофориди Елена Александровна

20-317-102-958

«Альмерек» шағын ауданы, Астана көшесі, 196 учаске

жалпы- 0,0905

иеліктен шығарылатын ауданы-0,0132 

7.     

Менджасаров Тлек Джуманалиевич

20-317-102-102

«Альмерек» шағын ауданы, Астана көшесі, 3 учаске

0,0483

 

8.     

Аманкулова Алтынай Сагындыковна

20-317-102-396

«Альмерек» шағын ауданы, Астана, көшесі 1 үй

0,0464

9.     

Есжанов Сырым Мырзахметович

20-317-102-706

«Альмерек» шағын ауданы, Астана көшесі, 4 үй

0,1000

 

10.           

Смагулов Ержан Бейсембаевич, Матбуса Айман Балтабайқызы

20-317-102-693

«Альмерек» шағын ауданы, Астана көшесі, 8 үй

0,0800

 

11.           

Қали Қастер,

Әсенжан Рағила

20-317-102-055

«Альмерек» шағын ауданы, Шортанбай Жырау көшесі, 116 үй, 1 пәтер

жалпы-0,1432

үлесі-0,0680

12.           

Кораласбаева Тазагул

20-317-102-055

«Альмерек» шағын ауданы, Шортанбай Жырау көшесі, 116 үй 2 пәтер

жалпы-0,1432

үлесі-0,0752

13.           

Османов Асан Балабекович

20-317-102-994

«Альмерек» шағын ауданы, Шортанбай Жырау көшесі, 114 үй

0,1000

 

 

Дата публикации
23 июля 2025