2025 жылғы 13 маусымдағы № 2/262-843     Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 21 қазандағы № 4/530-2126 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Алматы қаласы әкімдігінің

2025 жылғы 13 маусымдағы № 2/262-843

 

 

Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 21 қазандағы

№ 4/530-2126 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін

алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де

жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар

енгізу туралы

 

 

    Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 21 қазандағы № 4/530-2126 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

1-тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

«2) Алимжан Рахимович Садыкбеков, Гульзат Муратовна Данекеевалардың, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Речка Казачка көшесі, 14 үй мекенжайы бойынша орналасқан (кадастрлық нөмірі 20-315-043-183) ауданы – 0,0813 га.»                                                                                                                                                                                                                           

  1. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  2. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

Алматы қаласының әкімі                                                                Д. Сатыбалды

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
18 июня 2025