2025 жылғы 9 сәуірдегі № 2/262-549 Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

             

2025 жылғы 9 сәуірдегі № 2/262-549

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін

алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де

жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен

шығарудың басталуы туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 26.1-26.06/624-И хатының негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Елді мекендердің ортақ пайдалануындағы объектілердің құрылысы (саябақ) үшін «DKS Development» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Алматы қаласы, Медеу ауданы, Керей-Жәнібек хандар көшесі, 390 учаске мекенжайы бойынша орналасқан (кадастрлық нөмірі 20-315-905-250), жалпы ауданы – 57,9363 га жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін болып белгіленсін.
  3. Меншік иесі жүгінетін орын Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 155, 6 қабат, 602 кеңсе болып белгіленсін.
  4. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылдаған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  5. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қала Жер орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен меншік иесін хабардар етсін;
  6. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1) заңнамамен белгіленген тәртіпте жер учаскесінің меншік иесіне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;

2) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды  аяқтағаннан  кейін жер учаскесін «Алматы қаласы Медеу ауданы әкімідігі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берсін;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де  қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік етенін орынбасары жүктелсін.

 

 

Алматы қаласының әкімі                                                                         Е. Досаев

Дата публикации
11 апреля 2025