2025 жылғы 9 сәуірдегі № 2/262-544   Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 13 ақпандағы № 1/1-210 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

2025 жылғы 9 сәуірдегі № 2/262-544

 

Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 13 ақпандағы № 1/1-210 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты

жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп

иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысына

өзгеріс енгізу туралы

 

 

Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 13 ақпандағы № 1/1-210 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

Аталған қаулының 1 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:

«1. Ұлттық қауіпсіздік мұқтаждары үшін «Ле Монлид Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Алматы қаласы, Медеу ауданы, Құлжа тас жолы, 22/4 учаске мекенжайы бойынша орналасқан (кадастрлық нөмірі 20-315-061-342), ауданы 6,5505 га жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.».

  1. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылдаған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  2. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік етенін орынбасарына жүктелсін.

 

 

Алматы қаласының әкімі                                                                     Е. Досаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
11 апреля 2025