2025 жылғы 12 ақпандағы № 1/1-195 Жер учаскесі шектеулі пайдалану құқығын белгілеу туралы (жария сервитут)

2025 жылғы 12 ақпандағы № 1/1-195

Жер учаскесі шектеулі пайдалану құқығын

белгілеу туралы (жария сервитут)

 




Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 16 және 69 баптарына  
сәйкес, «Алматы қаласы Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 19 қарашадағы № 47.3-47.04/1715-И хаты негізінде
Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2030 жылдың соңына дейін құрылыс кезеңінде «Алматы қаласы Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүддесінде жария сервитуттың шекара жоспарына сәйкес сыртқы инженерлік желілерді шығару үшін Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Шевченко көшесі, 186А, жалпы пайдаланымдағы елді мекендердің жерлерінде орналасқан, жалпы ауданы 0,0936 га жер учаскесіне шектеулі пайдалану (жария сервитут) құқығы белгіленсін.
  2. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
1) осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

2) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік етенін орынбасарына жүктелсін.



 

Алматы қаласының әкімі                                                                         Е. Досаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
14 февраля 2025