10.02.2025 жылғы  № 1/1-168 Жер учаскелерін шектеулі пайдалану құқығын белгілеу туралы (жария сервитут)

10.02.2025 жылғы  № 1/1-168

 

Жер учаскелерін шектеулі пайдалану құқығын

белгілеу туралы (жария сервитут)

 

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 16 және 69 баптарына сәйкес, Алматы қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құкығындағы «Метрополитен» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының 2024 жылғы 5 қаңтардағы
№ 23-15/15 хаты негізінде Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. №1, №2 станцияның базалық құрылыс алаңдарының айналма жолдарын ұйымдастыру үшін Алматы қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Метрополитен» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының мүддесінде осы қаулының қосымшасына сәйкес меншік иелерінен (жер пайдаланушылардан) жер учаскелерін алып қоюсыз, Алматы қаласы, Наурызбай ауданында орналасқан жалпы ауданы 1,9275 га жер учаскелеріне 2027 жылдың соңына дейінгі құрылыс кезеңіне шектеулі пайдалану (жария сервитут) құқығы белгіленсін.
  2. Алматы қаласы әкімдігінің шараушылық жүргізу құкығындағы «Метрополитен» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны жер учаскелерінің меншік иелерін (жер пайдаланушыларды) шектеулі пайдалану құқығының (жария сервитут) белгіленгені туралы және аталған жер учаскелерінде құрылыс жұмыстарын бастау мерзімдері туралы хабардар етсін.
  3. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1) осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

2) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік етенін орынбасарына жүктелсін.

 

 Алматы қаласының әкімі                                                                         Е. Досаев

 

 

Алматы қаласы әкімдігінің

2025 жылғы «10»ақпандағы

№ 1/1-168  қаулысына қосымша

 

 

Шектеулі пайдалану құқығы (жария сервитут)

орнатылатын жер учаскелерінің тізбесі

 

Р/с №

Кадастрлық нөмірі

 

Жер учаскесінің орналасқан жері

Сервитут шекарасына кіретін жер учаскесінің ауданы (га)

1

20-322-009-249

 «Шұғыла» шағын ауданы, 341 учаске

0,8520

2

20-322-001-057

 «Шұғыла» шағын ауданы, Сәкен Жүнісов көшесі, 2/16 учаске

0,2914

3

20-322-001-119

 «Шұғыла» шағын ауданы, Сәкен Жүнісов көшесі, 2/11 учаске

0,2924

4

20-322-001-062

 «Шұғыла» шағын ауданы, Сәкен Жүнісов көшесі, 2/26 учаске

0,0150

5

20-322-001-090

 «Шұғыла» шағын ауданы, Сәкен Жүнісов көшесі, 2/14 учаске

0,2507

6

20-321-001-091

 «Шұғыла» шағын ауданы, Сәкен Жүнісов көшесі, 2/15 учаске

0,1675

 

________________________________

 

 

Дата публикации
11 февраля 2025