2024 жылғы 31 желтоқсан № 4/530-2782   Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 2/220-385 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

 

2024 жылғы 31 желтоқсан № 4/530-2782

 

Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 23 маусымдағы

№ 2/220-385 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін

алып қоюға байланысты жер учаскесінің немесе өзге де

жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың

басталуы туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

  

Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 2/220-385 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

аталған қаулының 2 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:

«2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленсін.».

  1. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  2. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік етенін орынбасары жүктелсін.

 

 

Алматы қаласының әкімі                                                                         Е. Досаев

Дата публикации
06 января 2025