2024 жылғы 31 желтоқсан № 4/530-2781
Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып
қоюға байланысты жер учаскесінің немесе
өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен
шығарудың басталуы туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы ұлттық пилоттық жобаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 963 қаулысына негізінде Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Салынып жатқан мектепке кіреберіс жол құрылысы үшін және тұрақ кеңістігі «VIVAT Building» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Райымбек даңғылы, 590А учаске мекенжайы бойынша орналасқан (кадастрлық нөмірі 20-322-002-1241) ауданы 0,3402 га жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
- Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленсін.
- Меншік иесі жүгінетін орын Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 90, 801 кеңсе болып белгіленсін.
- Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
- «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
1) заңнамамен белгіленген тәртіпте меншік иесін хабардар етсін және жер учаскесінің меншік иесіне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;
2) жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскесін «Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берсін;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік етенін орынбасарына жүктелсін.
Алматы қаласының әкімі Е. Досаев