2024 жылғы 24 желтоқсан № 4/530-2754 Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 26 қазандағы № 4/524-648 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы   

2024 жылғы 24 желтоқсан № 4/530-2754

 Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 26 қазандағы

№ 4/524-648 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін

алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де

жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың

басталуы туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

  

Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 26 қазандағы № 4/524-648 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесінің бөлігін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

аталған қаулының 1,2 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:

«1. Ортақ пайдаланудағы объектілердің құрылысы үшін (саябақ) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты «ВI Development Almaty» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, «Рахат» шағын ауданы, Күлтөбе көшесі, 1/1 учаске мекенжайы бойынша орналасқан (кадастрлық нөмірі 20-322-026-994) ауданы 1,3483 га  немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.

  1. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленсін.».
  2. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  3. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік етенін орынбасары жүктелсін.

 

 

Алматы қаласының әкімі                                                                         Е. Досаев

 

 

Дата публикации
25 декабря 2024