2024 жылғы 13 желтоқсан № 4/530-2687
Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін
алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе
өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен
шығарудың басталуы туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, «Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 8 қарашадағы № 26.1-26.06/1510-И хаты негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) заңнамамен белгіленген тәртіпте меншік иелерін хабардар етсін және жер учаскелерінің меншік иелеріне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;
2) жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскелерін «Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берсін;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
Алматы қаласының әкімі Е. Досаев
Алматы қаласы әкімдігінің
2024 жылғы «13» желтоқсан
№ 4/530-2687 қаулысына қосымша
Мәжбүрлеп иеліктен шығарылуға жататын жер учаскелерінің тізбесі
|
Р/с № |
Жер учаскесінің меншік иесінің (жер пайдаланушының) тегі, аты-жөні (атауы) |
Кадастрлық нөмірі |
Жер учаскесінің орналасқан жері |
Жер учаскесінің ауданы, га |
|
|
|
Ахмедов Руфат Кенжебекович |
20-315-062-326 |
Құлжа тас жолы, 56/8 |
жалпы -2,7351 алынатын бөлігі – 0,0077 |
|
|
2. |
«Луч Востока» өндірістік кооперативі |
20-315-062-327 |
Құлжа тас жолы, 56/12 учаске |
жалпы - 2,0330 алынатын бөлігі – 1,0492 |
|
|
3. |
«Луч Востока» өндірістік кооперативі |
20-315-062-328 |
Құлжа тас жолы, 56/10 учаске |
жалпы - 0,7119 алынатын бөлігі – 0,3630 |
|
______________________________