2024 жылғы 13 желтоқсан № 4/530-2686
Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін
алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе
өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен
шығарудың басталуы туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, «Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 1 шілдедегі № 01.4.456-Б хаты негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) заңнамамен белгіленген тәртіпте меншік иесін хабардар етсін және жер учаскелерінің меншік иесіне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;
2) жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан
кейін жер учаскелерін «Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берсін;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
Алматы қаласының әкімі Е. Досаев
Алматы қаласы әкімдігінің
2024 жылғы «13» желтоқсан
№ 4/530-2686 қаулысына қосымша
Мәжбүрлеп иеліктен шығарылуға жататын жер учаскелерінің тізбесі
|
Р/с № |
Жер учаскесінің меншік иесінің (жер пайдаланушының) тегі, аты-жөні (атауы) |
Кадастрлық нөмірі |
Жер учаскесінің орналасқан жері |
Жер учаскесінің ауданы, га |
|
|
1. |
«Asam Holding» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
20-322-003-677 |
«Қалқаман» шағын ауданы, 4В учаске |
1,3952 |
|
|
2. |
«Asam Holding» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
20-322-003-678 |
«Қалқаман» шағын ауданы, 4/9 учаске |
0,0197 |
|
|
3. |
«Asam Holding» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
20-322-003-679 |
«Қалқаман» шағын ауданы, 4/10 учаске |
0,0042 |
|
______________________________