2024 жылы 27 қараша № 4/530-2451
Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып
қоюға байланысты жер учаскесінің немесе
өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен
шығарудың басталуы туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, «Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 6 қарашадағы № 26.1-26.08/1491-И хаты негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) заңнамамен белгіленген тәртіпте меншік иелерін хабардар етсін және жер учаскесінің меншік иелеріне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;
2) жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскесін «Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берсін;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
Алматы қаласының әкімі Е. Досаев