Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес «Алматы қаласы Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 21 қазандағы № 55.1-55.02/144-И хаты негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) заңнамамен белгіленген тәртіпте меншік иелерін хабардар етсін және жер учаскелерінің меншік иелеріне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;
2) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскелерін «Алматы қаласы Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берсін;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
Алматы қаласының әкімі Е. Досаев
Алматы қаласы әкімдігінің
2024 жылғы «8» қараша
№ 4/530-2288 қаулысына қосымша
Мәжбүрлеп иеліктен шығарылуға жататын жер учаскелерінің тізбесі
|
Р/с № |
Жер учаскесінің меншік иесінің (жер пайдаланушының) тегі, аты-жөні (атауы) |
Кадастрлық нөмірі |
Жер учаскесінің орналасқан жері |
Жер учаскесінің ауданы, га |
|
1. |
«КУСА Халык» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
20-317-011-105 |
Түрксіб ауданы, 8 шағын ауданы (аэропорт), 4 учаске |
3,6000 |
|
2. |
«КУСА Халык» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
20-317-011-114 |
Түрксіб ауданы, 8 шағын ауданы (аэропорт), 1 учаске |
2,2239 |
______________________________