2024 жылғы 31 қазан № 4/530-2224
Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін
алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе
өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен
шығарудың басталуы туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, «Алматы қаласы Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 8 тамыздағы №54.03/33-И хаты негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) заңнамамен белгіленген тәртіпте меншік иелерін хабардар етсін және жер учаскелерінің меншік иелеріне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;
2) жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан
кейін жер учаскелерін «Алматы қаласы Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берсін;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
Алматы қаласының әкімі Е. Досаев
Алматы қаласы әкімдігінің
2024 жылғы «31» қазан
№ 4/530-2224 қаулысына қосымша
Мәжбүрлеп иеліктен шығарылуға жататын жер учаскелерінің тізбесі
|
Р/с № |
Жер учаскесінің меншік иесінің (жер пайдаланушының) тегі, аты-жөні (атауы) |
Кадастрлық нөмірі |
Жер учаскесінің орналасқан жері |
Жер учаскесінің ауданы, га |
|
|
1. |
«Темир Констракшн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
20-315-029-950 |
Әль-Фараби даңғылы, 34/4 учаске |
жалпы - 0,1703 иеліктен шығарылатын ауданы – 0,1314 |
|
|
2. |
«Темир Констракшн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
20-315-029-865 |
Әль-Фараби даңғылы, 34/2 учаске |
жалпы – 1,3377 иеліктен шығарылатын ауданы – 0,2486 |
|
______________________________