2024 жылғы 21 қазан № 4/530-2126
Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін
алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе
өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен
шығарудың басталуы туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, «Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 4 қыркүйектегі № 26.1-26.06/1152-И хаты негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Ольга Васильевна Романованың Алматы қаласы, Медеу ауданы, Речка Казачка көшесі, 40 үй мекенжайы бойынша орналасқан (кадастрлық нөмірі 20-315-043-507), ауданы – 0,0696 га;
2) Гульзат Муратовна Данекееваның Алматы қаласы, Медеу ауданы, Речка Казачка көшесі, 14 үй мекенжайы бойынша орналасқан (кадастрлық нөмірі 20-315-043-183), ауданы – 0,0813 га.
1) заңнамамен белгіленген тәртіпте меншік иелерін хабардар етсін және жер учаскелерінің меншік иелеріне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;
2) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскелерін «Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берсін;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
Алматы қаласының әкімі Е. Досаев