2024 жылғы 21 қазан № 4/530-2128  Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

 2024 жылғы 21 қазан № 4/530-2128

 Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін

алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе

өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен

шығарудың басталуы туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес «Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы №34.1-34/1224-И хаты негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Оңғарсынов көшесін Райымбек даңғылына дейін ұзарту үшін, Алматы қаласы, Алатау ауданында орналасқан жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті осы қаулының қосымшасына сәйкес мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін болып белгіленсін.
  3. Меншік иелері жүгінетін орын Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 90, 801 кеңсе болып белгіленсін.
  4. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылдаған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  5. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1) заңнамамен белгіленген тәртіпте меншік иелерін  хабардар етсін және жер учаскелерінің меншік иелеріне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;

2) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскелерін «Алматы қаласы Қалалық мобильділік басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берсін;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де  қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік етенін орынбасары жүктелсін.

 

 

Алматы қаласының әкімі                                                                     Е. Досаев

 

 

Алматы қаласы әкімдігінің

2024 жылғы «21» қазан

№ 4/530-2128 қаулысына  қосымша

 

 

Мәжбүрлеп иеліктен шығарылуға жататын жер учаскелерінің тізбесі

 

 

Р/с №

Жер учаскесінің меншік иесінің (жер пайдаланушының) тегі, аты-жөні  (атауы)

Кадастрлық нөмірі

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесінің ауданы, га

1.     

Искакова Асель Саиновна, Амиралин Болат Нурмышевич

20-321-057-255

Алатау ауданы, Райымбек даңғылы, 517/1 үй

жалпы – 0,1224 иеліктен шығарылатын ауданы – 0,0814

2.     

Примбетова Гаухар Еркиновна

20-321-057-256

Алатау ауданы, Райымбек даңғылы, 517

жалпы – 0,5098 иеліктен шығарылатын ауданы – 0,0558

3.     

«Kaz Waste Green Energy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

20-321-057-308

Алатау ауданы, Райымбек даңғылы, 517/3

жалпы – 1,9000 иеліктен шығарылатын ауданы – 0,2948

4.     

«Евразийская производственная компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

20-321-057-322

Алатау ауданы, Райымбек даңғылы, 517/4

жалпы – 0,4700 иеліктен шығарылатын ауданы – 0,1187

5.     

Шерханов Кайрат Касымбекович

20-321-057-377

Алатау ауданы, Райымбек даңғылы, 517/5

жалпы – 0,0360 иеліктен шығарылатын ауданы – 0,0153

 

______________________________

Дата публикации
23 октября 2024