2024 жылғы 16 қазан № 4/530-2076 Жер учаскесі шектеулі пайдалану құқығын белгілеу туралы (жария сервитут)

2024 жылғы 16 қазан № 4/530-2076

Жер учаскесі шектеулі пайдалану құқығын

белгілеу туралы (жария сервитут)

 

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 16 және 69-баптарына  
сәйкес, «Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау
басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
2024 жылғы 16 қазандағы № 41.4-41.02/1237-И хаты негізінде
Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2030 жылдың соңына дейін құрылыс кезеңінде «Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүддесінде жария сервитуттың шекара жоспарына сәйкес сыртқы инженерлік желілерді орнату үшін Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Омарова көшесі елді мекендердің жалпы пайдаланудағы жерлерінде орналасқан жалпы ауданы 0,0183 га жер учаскесін алып қоюсыз шектеулі пайдалану (жария сервитут) құқығы белгіленсін.
  2. «Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі шектеулі жер пайдаланушыны шектеулі пайдалану (жария сервитут) құқығы белгіленгені туралы және аталған жер учаскелерінде құрылыс жұмыстарын бастау мерзімдері туралы хабардар етсін
  3. «Алматы қаласы жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1) осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

2) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік етенін орынбасарына жүктелсін.

 

 

Алматы қаласының әкімі                                                                              Е. Досаев

 

 

 

 

Дата публикации
19 октября 2024