2024 жылғы 16 қазан № 4/530-2073   Жер учаскелерін шектеулі пайдалану құқығын белгілеу туралы (жария сервитут)

2024 жылғы 16 қазан № 4/530-2073

 

Жер учаскелерін шектеулі пайдалану құқығын

белгілеу туралы (жария сервитут)

 

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 16 және 69 баптарына  
сәйкес, «Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау
басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
2024 жылғы 16 қазандағы № 41.4-41.02/1237-И хаты негізінде
Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2030 жылдың соңына дейін құрылыс кезеңінде «Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүддесінде сыртқы инженерлік желілерді орнату үшін Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Ереванская көшесі мекенжайында орналасқан, жалпы ауданы 0,2718 га жер учаскелеріне меншік иелерінен (жер пайдаланушылардан) алып қоюсыз, жария сервитуттың шекара жоспарына және қаулының қосымшасына сәйкес, шектеулі пайдалану (жария сервитут) құқығы белгіленсін.
  2. «Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жер учаскесінің меншік иелерін (жер пайдаланушыларын) шектеулі пайдалану құқығының (жария сервитут) белгіленгені туралы және аталған жер учаскелерінде құрылыс жұмыстарын бастау мерзімдері туралы хабардар етсін
  3. «Алматы қаласы жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1) осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

2) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік етенін орынбасарына жүктелсін.

 

Алматы қаласының әкімі                                                                              Е. Досаев

 

Алматы қаласы әкімдігінің

2024 жылғы «16» қазан

№ 4/530-2073  қаулысына қосымша

 

Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

 

Р/с №

Кадастрлық нөмірі

 

Жер учаскесінің орналасқан жері

Сервитут шекарасына кіретін жер учаскесінің ауданы (га)

1

20-317-096-083

Якубов көшесі, 1/4 учаскесі

0,0032

2

20-317-096-080

Якубов көшесі, 1/5 учаскесі

0,0068

3

20-317-096-003

Якубов көшесі, 2а үй

0,0003

4

20-317-096-123

Сүйінбай даңғылы, 159/9 үй

0,0041

5

20-317-096-022

Папанин көшесі, 2а үй

0,0038

6

20-317-096-036

Папанин көшесі, 2/2 үй

0,0026

7

20-317-096-001

Ереванская көшесі, 2 үй

0,0015

8

20-317-096-085

Ереванская көшесі, 1ж үй     

0,0005

9

жалпы пайдаланымдағы елді мекеннің жерлері

Ереванская көшесі

0,2490

 

 

________________________________

 

 

Дата публикации
19 октября 2024