2024 жылғы 4 қазан № 4/530-2036
Алматы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 3/314-524 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін
алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де
жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың
басталуы туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Алматы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 3/314-524 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының 1 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«1. Алматы қаласының Бас жоспарын жүзеге асыру үшін (аумақты абаттандыру және көгалдандыру) «Компания Сити Строй Казахстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Алматы қаласы, Бостандық ауданы, 99 учаске мекенжайы бойынша орналасқан (кадастрлық нөмірі 20-313-004-361), жалпы ауданы – 0,0395 га жер учаскесінің ауданы – 0,0216 га бөлігін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын».
- Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
- Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік етенін орынбасары жүктелсін.
Алматы қаласының әкімі Е. Досаев