2024 жылғы 27 қыркүйек № 3/373-2008   Жер учаскелерін шектеулі пайдалану құқығын белгілеу туралы (жария сервитут)

 

2024 жылғы 27 қыркүйек № 3/373-2008

 

Жер учаскелерін шектеулі пайдалану құқығын

белгілеу туралы (жария сервитут)

 

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 16 және 69-баптарына сәйкес, «Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 41.7-ш-03/1142 хаты негізінде Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Магистральдық кәріз желілерін салу үшін Алматы қаласы, Наурызбай ауданында орналасқан жер учаскелеріне меншік иелерінен (жер пайдаланушылардан) алып қоюсыз, осы қаулының қосымшасына сәйкес шектеулі пайдалану (жария сервитут) құқығы 5 жыл мерзімге белгіленсін.
  2. Алматы қаласы жер қатынастары басқармасы Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау басқармасымен бірлесе отырып:

1) жер учаскелерінің меншік иелеріне (жер пайдаланушылар) қабылданған қаулы туралы хабарласын;

2) осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

3) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік етенін орынбасары жүктелсін.

 

 

Алматы қаласының әкімі                                                                     Е. Досаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы қаласы әкімдігінің

2024 жылғы «____»_______________

№ _________  қаулысына қосымша

 

 

Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

 

Р/с №

Кадастрлық нөмірі

 

Жер учаскесінің орналасқан жері

Сервитут шекарасына кіретін жер учаскесінің ауданы (га)

1

20-322-024-256

Наурызбай ауданы, «Геолог» бағбандық серіктестігі , 31

0,0860

2

20-322-024-080

Наурызбай ауданы, «Геолог» бағбандық серіктестігі, 32

0,0820

3

20-322-024-1442

Наурызбай ауданы, «Геолог» бағбандық серіктестігі, 35

0,0546

4

20-322-024-1413

Наурызбай ауданы, «Қурамыс» шағын ауданы, Ақселеу Сейдімбек көшесі, 25 учаске

0,0540

5

20-322-024-1412

Наурызбай ауданы, «Қурамыс» шағын ауданы, Ақселеу Сейдімбек көшесі, участок 25/1

0,0818

6

20-322-024-1168

Наурызбай ауданы, «Қурамыс» шағын ауданы, Ақселеу Сейдімбек көшесі, участок 25/43

0,3659

 

 

________________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
30 сентября 2024