2024 жылғы 17 қыркүйек № 3/373-1914  Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 27 наурыздағы № 1/1-105 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысын жою туралы  

2024 жылғы 17 қыркүйек № 3/373-1914

 Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 27 наурыздағы

№ 1/1-105 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін
алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де
жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың
басталуы туралы» қаулысын жою туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасынің 2024 жылғы 30 мамырдағы №41.1-41/626-И хаты, негізінде Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 27 наурыздағы № 1/1-105 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысы жойылсын.
  2. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  3. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасына Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

 

Алматы қаласының әкімі                                                                     Е. Досаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
20 сентября 2024