2024 жылғы 12 қыркүйек № 3/373-1864
Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып
қоюға байланысты жер учаскесінің немесе
өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен
шығарудың басталуы туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, «Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 3 маусымдағы № 28.1-28/01.4.373-И хаты негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ортақ пайдалану объектісі үшін (Қарғалы өзенінің жағалауын абаттандыру) Алибек Еркинұлы Альдекеевтың Наурызбай ауданы, «Жетісу» бағбандық серіктестігі, 14 учаске мекенжайы бойынша орналасқан, кадастрлық нөмірі 20-322-025-400, жалпы алаңы 0,0640 га-дан ауданы 0,0554 га жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
- Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленсін.
- Меншік иесі жүгінетін орын Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 90, 801 кеңсе болып белгіленсін.
- Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
- «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
1) заңнамамен белгіленген тәртіпте меншік иесін хабардар етсін және жер учаскесінің меншік иесіне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;
2) жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскесін «Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берсін;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Алматы қаласының әкімі Е. Досаев