2024 жылғы 4 қыркүйек № 3/373-1834       Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып  қоюға байланысты жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

 

2024 жылғы 4 қыркүйек № 3/373-1834

 

 

 

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып

 қоюға байланысты жер учаскесінің немесе

өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен

шығарудың басталуы туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, «Алматы қаласы Қалалық мобильділік басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің                        2024 жылғы 11 сәуірдегі № 34.1-34/587-И хаты негізінде Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Абай даңғылының құрылысы үшін Зулкарнаева Онласын, Зулкарнаева Айгуль Каменовны, Зулкарнаева Азамата Каменовича Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, «Абай» шағынауданы, «Химик» бағбандық серіктестігі тұтыну кооперативі, 46 мекенжайы бойынша орналасқан (кадастрлық нөмірі 20-322-010-294), жалпы ауданы 0,0574 га жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленсін.
  3. Меншік иелері жүгінетін орын Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 90, 801 кеңсе болып белгіленсін.
  4. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулы қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  5. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1) заңнамада белгіленген тәртіпте меншік иелерін  хабардар етсін және жер учаскелерінің меншік иелеріне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;

2) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскелерін «Алматы қаласы Қалалық мобильділік басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берсін;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де  қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

 

Алматы қаласының әкімі                                                                     Е. Досаев

Дата публикации
05 сентября 2024