2024 жылғы 29 тамыз № 3/373-1789     Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

2024 жылғы 29 тамыз № 3/373-1789

 

 

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін

алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе

өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен

шығарудың басталуы туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы ұлттық пилоттық жобаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 963 қаулысына сәйкес, «Алматы қаласы Қалалық мобильділік басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 15 тамыздағы № 34.1-34/503-И хаты негізінде
Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Салынып жатқан 2000 орындық мектепке кіреберіс жол мен тұрақ кеңістігін салу үшін Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, «Шұғыла» шағын ауданы мекенжайында орналасқан жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті осы қаулының қосымшасына сәйкес мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленсін.
  3. Меншік иелері жүгінетін орын Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 90, 801 кеңсе болып белгіленсін.
  4. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  5. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы:

1) заңнамамен белгіленген тәртіпте меншік иелерін  хабардар етсін және жер учаскелерінің меншік иелеріне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;

2) жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскелерін Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасының теңгеріміне берсін;

 

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де  қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік етенін орынбасарына жүктелсін.

 

 

Алматы қаласының әкімі                                                                         Е. Досаев

 

     

Алматы қаласы әкімдігінің

   

2024 жылғы «29»тамыз

 

№ 3/373-1789 қаулысына қосымша

         
         

Мәжбүрлеп иеліктен шығарылуға жататын жер учаскелерінің тізбесі

Р/с №

Жер учаскесінің меншік иесінің (жер пайдаланушының) тегі, аты-жөні  (атауы)

Кадастрлық нөмірі

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесінің ауданы, га

1

Гульсара Биктасовна Абитова

20-322-008-101

««Шұғыла» шағынауданы,   Бәйтелі Батыр көшесі, участок 24

жалпы-0,9818 сатып алуға-0,1765

2

Валентина Викторовна Педахметова

20-322-008-417

«Шұғыла»  шағынауданы,   Бәйтелі Батыр көшесі, 32

0,0530

3

Айгуль Абдихановна Абдикадирова

20-322-008-706

 «Шұғыла» шағынауданы,   Бәйтелі Батыр көшесі, 61

0,0570

4

Юлдаш Эркинович Ходжаханов, Лазиза Каюмджановна Ходжаханова

20-322-008-391

 «Шұғыла» шағынауданы,   Бәйтелі Батыр көшесі, 59

0,0565

         
         

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
02 сентября 2024