2024 жылғы 29 тамыз № 3/373-1787
Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін
алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе
өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен
шығарудың басталуы туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы ұлттық пилоттық жобаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 963 қаулысына сәйкес, «Алматы қаласы Қалалық мобильділік басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 15 тамыздағы № 34.1-34/503-И хаты негізінде
Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Салынып жатқан 2000 орындық мектепке кіреберіс жол мен тұрақ кеңістігін салу үшін Копбосин Мирзахидович Мирхажиге тиесілі, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Айгерім-1 шағын ауданы, Сағи Әшімов көшесі, 204 мекенжайында орналасқан жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
- Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленсін.
- Меншік иесі жүгінетін орын Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 90, 801 кеңсе болып белгіленсін.
- Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
- Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы:
1) заңнамамен белгіленген тәртіпте меншік иесін хабардар етсін және жер учаскесінің меншік иесіне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;
2) жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскесін Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасының теңгеріміне берсін;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік етенін орынбасарына жүктелсін.
Алматы қаласының әкімі Е. Досаев