2024 жылғы 29 тамыз № 3/373-1786   Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

2024 жылғы 29 тамыз № 3/373-1786

 

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін

алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе

өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен

шығарудың басталуы туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы ұлттық пилоттық жобаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 963 қаулысына сәйкес, «Алматы қаласы Қалалық мобильділік басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 15 тамыздағы № 34.1-34/503-И хаты негізінде,  
Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Салынып жатқан 2000 орындық мектепке кіреберіс жол мен тұрақ кеңістігін салу үшін Алматы қаласы, Медеу ауданы, Құлжа тас жолының шығысы, Бұқтырма көшесінің оңтүстігі мекенжайында орналасқан жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті осы қаулының қосымшасына сәйкес мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленсін.
  3. Меншік иелері жүгінетін орын Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 90, 801 кеңсе болып белгіленсін.
  4. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  5. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы:

1) заңнамамен белгіленген тәртіпте меншік иелерін  хабардар етсін және жер учаскелерінің меншік иелеріне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;

2) жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскелерін Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасының теңгеріміне берсін;

 

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де  қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік етенін орынбасарына жүктелсін.

 

 

Алматы қаласының әкімі                                                                         Е. Досаев

 

     

Алматы қаласы әкімдігінің

   

2024 жылғы «29»_тамыз

 

№ 3/373-1786 қаулысына қосымша

         
         

Мәжбүрлеп иеліктен шығарылуға жататын жер учаскелерінің тізбесі

Р/с №

Жер учаскесінің меншік иесінің (жер пайдаланушының) тегі, аты-жөні  (атауы)

Кадастрлық нөмірі

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесінің ауданы, га

1

Айткожин Еркебулан Болатканович

20-315-062-005

Құлжа тас жолы, 128 учаске

жалпы-1,31 иеліктен шығарылатыны -0,1994

2

 «Forum Eurasia (Форум Евразия)» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

20-315-062-023

Құлжа тас жолы, 100/2 учаске

жалпы-1,31 иеліктен шығарылатыны -0,2390

3

 «Forum Eurasia (Форум Евразия)» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

20-315-062-184

Құлжа тас жолы, 110/7 учаске

жалпы-1,3110 иеліктен шығарылатыны-0,0530

4

 «Forum Eurasia (Форум Евразия)» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

20-315-062-188

Құлжа тас жолы, 96/2 учаске

жалпы-6,5560 иеліктен шығарылатыны -0,1395

5

 «Forum Eurasia (Форум Евразия)» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

20-315-062-354

Құлжа тас жолы, 95/6 учаске

жалпы-5,8804 иеліктен шығарылатыны -0,3480

6

 «Forum Eurasia (Форум Евразия)» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

20-315-062-392

Құлжа тас жолы, 108/6 учаске

жалпы-1,0906 иеліктен шығарылатыны -0,2162

7

 «Forum Eurasia (Форум Евразия)» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

20-315-062-397

Құлжа тас жолы, 106/9 учаске

жалпы-14,9027 иеліктен шығарылатыны -0,0107

 

 

Дата публикации
02 сентября 2024